Жалпыұлттық коалиция өкілдері Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар кәсіпорын ұжымдарымен кездесті. Делегация құрамында Нұрсұлтан Байтілесов бастаған Парламент Мәжілісінің депутаттары бар. Басқосулар барысында жаңа Ата Заң жобасындағы негізгі өзгерістер таныстырылып, Конституциядағы маңызды баптар мен қоғам үшін өзекті құндылықтар кеңінен түсіндірілді.
️