Сауран ауданы Жаңақорған өзеніндегі жуырда ғана жаңбыр суы шайып кеткен көпірдің орнына биыл жаңасы салынады. Баспасөз мәслихатында аймақ әкімі Мақсат Асылбекұлы осылай деді. Көпірді қайта салу үшін мердігер мекеме құрылыс жобасын 500 млнға бағалапты. Өйткені, енін барынша кеңейтіп, 12 метр етіп салмақшы болған. Бұған жергілікті билік үзілді-кесілді ұарсы болды. Аудан басшысы бұл жоба тым қымбат екенін айтып, мердігерді сотқа берген. Бұған қарамастан өңір әкімі құрылысты созбалаңға салмай, осы жылы аяқтайтын боламыз дейді.
️