Түркістан — қазақ заңнамасының бастау алған қасиетті мекені. Дәл осы киелі топырақта «Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері облыс тұрғындарымен кездесті. Конгресс-холлда өткен алқалы жиынға мыңнан астам адам жиналып, Ата заңның жаңа жобасын қызу талқыға салды. Жаңа жобада адам капиталына, ғылым мен инновацияға және отбасы құндылықтарына басымдық берілген. Кездесулер тек салтанатты залдағы басқосулармен шектелген жоқ. Коалиция мүшелері локомотив депосындағы теміржолшылармен, «Шаға» индустриялық паркінің жұмысшыларымен және ауыл тұрғындарымен де жүздесті. Түркістанның 50-ден астам этнос өкілдері тұратын өңір екенін ескерсек, жаңа құжаттағы «біртұтас Қазақстан халқы» ұғымы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының трансформациясы ерекше маңызға ие.
️