Азық-түлік бағасын өсірген 28 кәсіпкер жауапқа тартылды

17
18.02.2026 20:56

Түркістан облысында жыл басынан бері азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан 28 кәсіпкер жауапқа тартылды. Сала өкілдерінің айтуынша, тауар бағасын негізсіз шарықтатқандарға тосқауыл қою мақсатында арнайы мобильді топтар құрылып, сауда нысандарында үстемақының шектік мөлшерінің сақталуын қатаң бақылауға алған. Сондай-ақ, тұрақтандыру қоры арқылы ірі сауда нүктелеріне 70-ке жуық әлеуметтік маңызы бар тауар жеткізіліп, нарықтық бағадан 10-15% ға төмен саудаланған. Айта кетейік, былтыр  бағаны бейберекет өсірген кәсіпкерлерге 97 әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынған.