Жаңа Конституция – мәдениет пен руханияттың тірегі

14
18.02.2026 20:55

  Жаңа Конституция жобасында мәдениетке қатысты нормалар нақты көрсетілген. Ата Заңның 37-бабында барлық адам  тарихи және мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті екені жазылған. Сондай-ақ 1-бапта мемлекет қызметінің түбегейлі қағидаттары ретінде қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизм атап өтіледі. Бұл нормалар ұлттық құндылықтарды сақтау мен мәдени мұраны қорғауға құқықтық негіз қалайды. Мамандардың айтуынша, Ата Заңдағы бұл өзгерістер елдің рухани дамуына серпін беріп, тарихи сананы жаңғыртуға мүмкіндік ашады.