Үкімет отырысында Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, биыл саладағы өндіріс көлемі 4,4 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнім құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі кен өндіру секторынан асып кетті. Премьер-министр бұл қарқынды сақтап қана қоймай, экспортқа бағытталған жаңа жобаларды іске қосуды тапсырды. Экономиканы әртараптандыру үшін терең өңдеуді дамыту, өндірісті автоматтандыру және заманауи технологияларды енгізу қажет екені айтылды.
️