Дағдарыс орталығындағы аналардың тағдыры

19
17.02.2026 21:00

 Елімізде жыл сайын шамамен 100 мыңға жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі анықталады. Түркістан өңірінің өзінде былтыр жақынынан жапа шеккен  5 мыңға жуық азамат араша сұрап, құқық қорғау органына хабарласқан.  Бұл мәселенің алдын алу мақсатында республика бойынша «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мамандары дағдарыс орталығындағы жандармен кездесті.