Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты

21
17.02.2026 20:59

 Түркістанда медицинада аса сирек кездесетін жағдай болды.  Ауруханаға шұғыл жеткізілген 15 жастағы бойжеткеннің асқазанынан салмағы бір келіге жуық шаш түйіні шықты. Кейіннен белгілі болғаны  ол бала күнінен бері өз шашы мен тырнағын жұтып қоюды әдетке айналдырған. Жылдар бойы жиналған шаш асқазанда тастай боп қатып, ағзада кептеліп қалған.  Оның үлкендігі  сондай,   заманауи аппараттармен шығарып алуға келместен  хирургтар ішті жарып ота жасауға мәжбүр болды. Үш сағатқа созылған күрделі отадан кейін дәрігерлер қыздың өмірін аман алып қалды. Мамандардың айтуынша, бұл оғаш әдет дер кезінде анықталмағанда, жасөспірімнің тағдыры қайғылы аяқталуы мүмкін еді.