Есірткі саудасымен айналысқан қылмыскер ұсталды

21
16.02.2026 19:06

Маңғыстау облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыскер ұсталды. Жаңаөзенде өткен жедел іс-шара барысында одан 273 грамнан астам апиын тәркіленген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде есірткі заттарынан бөлек, электронды таразы, GPS құрылғысы, спутниктік байланыс құралы мен ірі көлемде ақша табылды. Сонымен қатар, медициналық тексеру оның есірткі тұтынғанын растады. Есірткіні ірі мөлшерде сақтап және саудалаған азаматтың әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалып,  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.