Түркістан облысында болған пәтер ұрлығы жұрттың жағасын ұстатты. Сауран ауданының полицейлері жеті миллион теңгенің дүниесін қолды еткен құрықтады. Тергеу барысында ұры жәбірленушінің өз немересі екені анықталды. Ол үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, сейфті бұзып, ішіндегі үш миллион теңге мен алтын бұйымдарды жымқырған. Қолды болған алтындарды күдікті зергерлік дүкендердің біріне сатып үлгерген. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары барлық дәлелдемелерді жинақтап, істі сотқа жолдады. Енді ата-әжесінің мүлкіне қол салған немере заң алдында жауап бермек.
️