Үкімет басшысы Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

24
16.02.2026 19:04

Астанада шағын және орта бизнестің қала экономикасының үлесі 74 пайызға жетті. Олар былтырғы  жылдың тоғыз айында  14,9 триллион теңгенің өнімін өндірген. Қала өркендеп, халық саны артып келеді. Инфрақұрылымға түсетін жүктеме де көбейген. Осы жағдайда өндіріс, энергетика және цифрлық жүйелер қалай дамып жатыр? Премьер-министр Олжас Бектенов елордадағы бірқатар нысандарды аралап, нақты жобалардың жүзеге асуын тексерді.