Өткен жылы Түркістан облысында қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендегенмен, алаяқтық 17 пайызға, оның ішінде интернет-алаяқтық 40 пайызға өскен. Облыс прокуратурасымен криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін бірқатар шаралар қабылданды. Нәтижесінде биыл қоғам дертіне айналған алаяқтық 18 пайызға, оның ішінде интернет-алаяқтық 15 пайызға төмендеді. Бүгін Түркістан облысы прокуратурасының ғимаратында «Айқын нәтиже» пилоттық жобасын іске асыру жөнінде отырыс өтті. Жобаның басты мақсаты құқық қорғау органдары мен мекеме аралық құзырлы органдардың бірігіп қызмет атқару.
️