Қазығұрт ауданында 3 бірдей жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олар Шарбұлақ, Сарапхана және Қазығұрт ауылында бой көтереді. Білім ұяларын ел иігілігіне осы жылы беру жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Азизхан Исмаилов мәлімдеді. Ол баспасөз отырысында былтыр аймақта жүзеге асқан бірқатар жұмыстар туралы есеп беріп, ауданның экономикалық әлеуетіне тоқталды. Бүгінде Қазығұрт ауданында 79 мектеп жұмыс істейді. Былтырғы жылы оның 15-іне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл тағы 35 білім ошағын қайта жаңғырту үшін салалық басқармаға ұсыныс енгізіпті. Оның қатарында аудан орталығындағы Қазығұрт ауылында тозығы жеткен Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп те бар.
️