Қыз алып қашу - дәстүр емес. Қылмыс. Қудалау - сезім емес. Заң бұзу. Елімізде кейінгі кездері қыз-келіншектер өмірінің қауіпсіздігі - қоғамның ерекше назарына ілігуде. Полиция қызметкерлері де «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елді ақпараттандыру үшін, форумдарды жиілеп өткізіп жүр. Солардың бірі Келес ауданында өткен «Сталкингті тоқтат!» шарасы.
️