Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылуынан жол апаты болып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға «Аса-Ақкөл» тас жолында болған. Жолаушылар автобусын басқарған жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысқан. Мамандардың сөзінше, басқа зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
️