Жауыннан кейін су жиналған аумақтарды тазартужұмыстары қалай жүріп жатыр?

19
11.02.2026 20:06

Түркістан қаласында толассыз жауған жауын салдарынан қала аумағындағы жолдардың қыртысы дұрыс нығыздалмаған тұстары  опырылып қалды. Оның салдары қала тұрғындары мен жүргізушілеріне зиян тигізуде. Ауа-райының салқындығына байланысты асфальт төсеу жұмыстары көктем айларына жоспарланып отыр. Ол уақытқа дейін төмен түсіп кеткен жерлер қиыршық таспен тегістеліп, уақытша қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі.