Биыл Сарыағаш ауданында айналма жолдың құрылысы басталады. Өйткені мұндағы қозғалыс тығыздығы күннен-күнге артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен құрылтайда осы мәселеге ерекше тоқталып, жаңадан жол салынатынын айтқан еді. Жоба нәтижесінде, жол қозғалысының қауіпсіздігі артып, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға оң әсері етпек.
️