Елімізде дизель отынының тапшылығы 700 мың тоннаға дейін жеткен

18
11.02.2026 20:04

Елімізде дизель отынының тапшылығы 700 мың тоннаға дейін жеткен. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді.Қазіргі таңда ішкі нарықта 650–700 мың тонна дизель жетіспейді. Негізгі себеп Қазақстандағы бағаның көрші елдермен салыстырғанда төмен болуы. Соның салдарынан шекаралас мемлекеттерден келген көліктер жанар-жағармайды көптеп сатып алып, сыртқа әкетіп жатыр. Айта кетейік, дизель отыны көктемгі және күзгі егіс науқандарында, темір жол тасымалында және транзиттік көліктер үшін аса маңызды ресурс болып саналады. Мәселені шешу үшін зауыттардың қуатын арттыру және төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланған.