Комиссияның жаңа Ата Заңның жобасын республикалық референдумға ұсыну туралы бастамасынан соң, Президент Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, төраға орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.Кездесуде жаңа Ата Заң жобасы бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Эльвира Әзімованың айтуынша, комиссия өткізген он екі отырыстың нәтижесінде Конституцияның қорытынды жобасы әзірленген. Жоба азаматтар мен сарапшылардың eGov және e-Otinish порталдары арқылы жолдаған ұсыныстары негізінде дайындалған. Сонымен қатар Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы жинақтаған тәсілдер де ескерілген. Мемлекет басшысы мыңдаған азаматтың белсенді қатысуы жаңа Конституцияның халықтық сипатын көрсететінін айтып, 2026 жылдың он бесінші наурызында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
️