Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Мұқағали шығармашылығы бүгінгі жас буын үшін де рухани бағдарға айналып отыр. Ақиық ақынның мерейтойына орай Шымкент қаласының шығармашыл жастар арнайы кеш ұйымдастырды. Әдеби орта мен өнерге жақын қауым жиналған шарада жыр мен ән үндесіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
️