Биыл қоғам қайраткері, қазақ мәдениетінің жанашыры, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 95 жыл. Осыған орай, Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі» тарихи облыстық мұражайы көшпелі керуенмен Түркістанға келді. Онда қайраткердің жеке мұрағатындағы материалдар, фотосуреттері мен құнды жәдігерлері бар. «Рух сардары» деп аталатын көрмеге әріптесім Шұғыла Ғалиқызы барып келді.
️