Ақтөбеде жолаушылар қар құрсауында қалды. Салдарынан бір күнде екі жол апаты тіркеліп, жантүршілгелік жағдайдан төрт адам қаза тапты. Ақтөбе-Орск тас жолында Opel жеңіл көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысып, жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Екінші ірі апат Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған. Ақ түтек бұрқасыннан жолды дұрыс бағамдай алмаған ондаған көлік бірінің артына бірі соқтығысып, үш адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
️