Ақы төлеуден жалтаратын жолаушы көп пе?

13
10.02.2026 20:43

Түркістанда қоғамдық көлікпен қатынайтындардың саны жыл сайын артып келеді. Алайда жолаушылар арасында жолақы төлемейтіндер де аз емес. Мамандардың айтуынша, мұндай тәртіп бұзушылардың көбі жастар. Әсіресе, қарбалас уақытта және оқу маусымы басталған кезде жолақыны елемей өтетіндер жиілеген.