Елордада конституциялық реформа жөніндегі комиссияның хi отырысы өтті. Қазірге дейін жаңа жобаға қатысты азаматтардан 5 мыңға жуық өтініш түсіп үлгерген. Бүгінгі жиында балаларды баспанасыз қалдырмау мәселесі айтылды. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеп, жаңа конституцияның жобасында соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға және шығаруға жол бермеу туралы президенттің ұсынысын қолдайтынын жеткізді.
️