Президент Түркістан тәжірибесіне оң баға берді

17
10.02.2026 20:40

 Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетін пайдалану бойынша Түркістан облысының тәжірибесін оң бағалады. Өңірде терең өңдеу саласын дамыту үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Жалпы 258 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Оның 45-і пайдалануға беріліп, 32 жоба іске қосылды. 2025 жылы облыста капиталға салынған инвестиция көлемі 1 трлн 746 млрд теңгеге жетіп, жоспар 120 пайыздан аса орындалды. Ал өзге өңірлердегі экономикалық аймақтардың қазіргі жұмыс тәсілі мүлде нашар. Осылай деген мемлекет басшысы Үкіметке үш айдың ішінде ол аймақтарды дамытудың жаңа үлгісін бекітуді тапсырды.