Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдындағы негізгі міндетті атады

16
10.02.2026 20:38

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қазіргі жаһандық экономикалық ахуалға назар аударып, әлемдік инвестиция көлемінің қысқарып жатқанын атап өтті. Сарапшылар халықаралық сауда қарқыны бәсеңдеп, бірқатар мемлекет ішкі нарығын қорғауға көшкенін айтады. Мұндай үрдістер геосаяси жағдайға да ықпал етіп отыр.Соған қарамастан, өткен жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайыз өсім көрсетті. Ендігі басты міндет – экономикалық дамудың сапасын арттырып, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін жақсарту. Президент Үкімет жұмысы осы бағытқа басымдық беруі керектігін айтты. Жиын барысында қоғамдағы саяси белсенділік пен азаматтық мәдениеттің де нығайып келе жатқандығы да сөз болды.