Жердің бабын тауып, жыл он екі ай бау-бақша мен көкөністің сан алуан түрін өсіретін Сарыағаш ауданының диқандары енді тропикалық жемістерді де жерсіндіре бастады. Ынтымақ ауылының тұрғындары тропикалық белдеуде ғана жайқалып өсетін бананды 5-6 жыл бері күтіп баптап келеді. Банан ағашының кавендиш сортын отырғызған еңбекқор азамат бүгінде ауласын жылыжайға айналдырған.
️