Былтыр Түркістан облысында ғарыштық мониторинг кезінде 249 заңсыз қоқыс үйіндісі табылды. Сонымен қатар экологиялық заң талаптарын бұзған 17 лауазымды және жеке тұлғаға әкімшілік іс қозғалып, 9 миллионнан астам айыппұл салынған. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қадырхан Бейсенбаев мәлімдеді. Айтуынша бақылау шараларының нәтижесінде жалпы 177 экологиялық заңнама талаптарын бұзу деректері анықталып, салдарын жою үшін 173 нұсқама беріліпті. Бүгінде оның 124-і толық орындалған. Сонымен қатар, заңсыз карьер қазатындармен де күрес күшейген. Бір жылдың ішінде пайдалы қазбаларды өз бетінше қазып алмақ болған 325 тұлға айыппұл арқалады.
️