Ақтөбеде жер үйден әйел адам мен үш бүлдіршіннің денесі табылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін түскі уақытта болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаның себебі табиғи газдан улану болуы мүмкін. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
️