Конституцияда меншіктің барлық түрін тең қорғауды бекіту ұсынылды

14
09.02.2026 21:20

Жаңа Конституция жобасында меншік нысандарының аясын кеңейтіп, олардың барлығын тең қорғау ұсынылды. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді. Оның айтуынша, инвестициялық тартымдылық пен қолайлы бизнес климат үшін меншік институтының мәртебесі шешуші мәнге ие. Ал қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек мемлекеттік және жекеменшік түрлері ғана көрсетілген. Депутат заманауи экономикада меншік нысандары әлдеқайда көп екенін айтып, бұл бағытта жаңғырту қажет екенін атап өтті.