Елімізде еңбекке жарамсыз ата-анаға балаларының қамқорлық көрсетуі Конституция деңгейінде бекітілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов айтты. Сонымен қатар, жаңа жобада жеке деректерді алаяқтардан қорғау, интернет қауіпсіздікті күшейту жеке норма ретінде айқындалады. Бұл әсіресе, қаржылық операциялар барысында түрлі сын-қатерге жиі тап болатын егде жастағы азаматтар үшін аса маңызды қадам болмақ.
️