Түркістан облысында заңсыз алтын қазған 12 адам ұсталды. Олар Созақ ауданындағы қойнауында алтыны бар жер қыртысын өз беттерінше қазып, шамамен 451 грамм алтын өндірген. Тексеру барысында бұл азаматтардың қолында ешқандай рұқсат қағазы болмағаны, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны анықталды. Күдікке ілінген 5 адам үйқамаққа алынды. Прокуратура заңсыз пайдалы қазба өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
️