Елімізде соңғы уақытта конституциялық реформа кеңінен талқыланып келеді. Бүгінде азаматтардан түскен мыңдаған ұсыныстар зерделеніп, ескеріліп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Ата Заң жобасының тиімділігін талқылау және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында кеңес өткізді. Жиынға мұнай-газ, энергетика, агроөнеркәсіп салаларының бизнес өкілдері, салалық қауымдастық мүшелері мен өңірлік сарапшылар қатысты.
️