Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері 241 пәтер берілген

19
05.02.2026 20:07

Шымкентте қуанышты жаңалық — мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында тағы 26 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды.  Асар-2, Бозарық және Тұран шағынаудандарындағы баспаналар иелеріне салтанатты түрде табысталды. Жыл басынан бері мегаполисте 241 азамат қоныс тойын тойлап үлгерді. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қолдаудың көрінісі болып отыр.