Таеквандодан чемпионат өтіп жатыр

19
05.02.2026 20:06

Түркістан қаласында таеквандодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде қыздар -42, -59 және +68 келіде, ал ұлдар -45 және -68 келі салмақ дәрежелерінде сынға түсті. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 709 жас таеквондошы келген. Чемпионатта жеңімпаз атанған спортшылар алда өтетін әлем чемпионатында ел намысын  қорғайды. Сайыстың алғашқы ашылу салтанаты қалай өтті, тілшіміз Бекболат Тілеубергеннің бейнематериалында.