Пәкістанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

37
04.02.2026 20:49

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды. Исламабад әуежайында Мемлекет басшысын Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды. Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сонда-ақ билік өкілдері өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Тараптар сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларына ерекше назар аударды. Президент бұл сапардың тарихи маңызын атап өтіп, стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға қол қойды.