Қызылша ауруы өршіп тұр

36
04.02.2026 20:45

Астанада қызылша ауруының таралуы әлі де бәсеңдемей тұр. Жыл басынан бері елордада 887 адам осы дертпен науқастанған. Олардың басым бөлігі балалар. Ауру белгілері байқалған азаматтардың  65 пайыздан астамында сырқат бары зертханалық түрде расталған. Расталған деректер бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 36,8 пайыз болып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, қауіптің негізгі тобы – екпе алмаған балалар. Олар барлық науқастардың шамамен 90 пайызы. Оның ішінде вакцинадан ата-анасының бас тартуы себеп болған жағдайлар да көп. Сонымен қатар, екпе алу жасына  жетпеген сәбилер аса осал топқа жатады. Мамандар мұндай шешім тек бір отбасының емес, қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететінін ескертеді.