Өңір тұрғындарына 26 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

29
04.02.2026 20:41

Былтыр Түркістан облысының азаматтарына 26 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 98 пайызы электронды жүйе арқылы іске асыпты. Өңірде электонды үкімет порталы арқылы жалпы 364 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Күн сайын  107 мың тұрғын мемлекеттік қызмет көмегіне жүгінеді. Бұл туралы  бүгін «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында өткен жиында белгілі болды. Оған мемлекеттік органдар мен облыстық басқарма басшылары және аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Жиын барысында жауапты мекемелердің халықтың арыз, шағымына уақытылы жауап қайтармағаны белгілі болды. Мұндай ол қылықтар былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 89 пайызға көбейген. Ал арыздардан негізсіз бас тарту 21 пайызға кеміпті. Айта кетейік, енді облыстағы мемлекеттік қызметшілердің компьютерінің беткі кескіні бірдей болады. Яғни, оның бетінде 3 кюар код пен Абайдың нақыл сөзі бар сурет қойылады. Онда мемлекеттік қызмет көрсету әдебі және күнделікті ескертпелер жарияланады. Бұл мемлекеттік қызметшілер арасындағы тәртіпті күшейтеді, -  дейді жауаптылар.