Түркістан облысының полицейлері 1 тоннадан астам қарасора мен 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірті тәркіледі. Дәлірек айтсақ, тәртіп сақшыларына Жетісай ауданында жергілікті тұрғынның тыйым салынған өсімдікті өсіретіні туралы жедел хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында үйінің ауланысына есірткі тектес қарасора өсірген тұрғын ұсталды. Ал айғақты затқа сараптама жасалды. Нәтижесінде, тәркіленген түптердің 1 тоннадан астамы «сора», сіріңке қорабындағы есірткінің «кептірілген марихуана» екені расталды. Бүгінде қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ал күдікті ер адам қамауға алынды.
️