Еліміз Конституциялық реформаның шешуші кезеңіне аяқ басты. Осыған орай Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы жарияланды. Бұл бастама Мемлекет басшысының бір палаталы Парламент құру жөніндегі ұсынысынан туындаған еді. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында айтты. Соның аясында, 8 қазанда Парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі арнайы өкімге қол қойылды. Оның құрамына ғалымдар мен сарапшылар, саяси партиялар және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Ал ұсынылған түзетулерге мамандар не дейді?
️