Сарыағаштағы шипажайлардың сарқынды суы бақылауда

12
04.02.2026 20:36

Сарыағаш ауданындағы шипажайлардың кәріз суынан өзендерге келер қауіп жоқ. Сарқынды су ағатын бөгетті көтеріп, тоғанды тазалау үшін жергілікті кәсіпкерлер атсалысуда. Бұл туралы өңір әкімі Арман Абдуллаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Өкінішке қарай, бұған дейін лас су бір рет Келес өзеніне құйылған. Осыдан соң аудан басшылығы шипажай басшыларын жинап, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Өңір әкімі алдағы 4-5 жылда сарқынды судың өзенге құйылу қауіпі жоқ дейді.