Астана мен Алматыда қылмыс әлемінің бандалары ұсталды

6
03.02.2026 20:58

Адам ұрлап, 12 миллион теңге талап еткен қасқөйлер ұсталды. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана мен Алматы қалаларында қылмыстық қауымдастық мүшелерін құрықтады. Күдіктілер жергілікті тұрғынды ұрлап әкетіп, күш қолданған. Онымен қоймай қомақты қаржы талап еткен. Бұл зорлықшыл топтың істеген  жалғыз қылмысы емес. Одан өзге олар  бизнес өкілдеріне қысым көрсеткен, сондай-ақ қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеген. Тінту кезінде күдіктілерден ірі көлемде ақша, суық қару және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Осы істерге қатысы бар 6 азамат  уақытша ұстау изоляторына қамалған.