Түркістан облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар қатары әлі де азаймай тұр. Бүгінде төрт мыңға жуық борышкер заңмен белгіленген міндетті төлемді орындамай отыр. Бұл жағдай кәмелетке толмаған балалардың заңмен қорғалған құқықтарына тікелей әсер етеді. Аталған кемшіліктерді жою мақсатында құқық қорғау органдары тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке бағытталған тиісті шараларды қолдануды күшейтті.
️