Жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған және сөз бостандығы шектелмеген. Бұл туралы Елордада өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында сөз болды. Жиында одан бөлек Ата заңның жобасына қатысты халықтан төрт мың хат түскені айтылды.
️