747 әкімшілік айыппұл салынды

49
23.08.2021 22:37

Өндірістік қауіпсіздікке жауапты басшылардың құзыреті кеңейтілді. Осы орайда жұмысшылары дұрыс сақтанбаған 4 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығметжан Мақажанов айтты. Есепті кезеңде ерекше тәртіп бойынша 1000 нан астам  жоспарлы тексеру жүргізілді. Заңға қайшы олқылық анықталған орындарға 747 әкімшілік айыппұл салынып, олардан 100 млн теңгеден астам қаржы өндірілген. Мұндай қадам жұмысшылар өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Егер оған қандай да бір қауіп төнсе, өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғалары жұмысты уақытша тоқтатып, тексеру ұйымдастыра алады. Ал қауіпсіздік талаптарын сақтамайтын қызметкерді жұмыстан шеттетуге құқылы.