Түркістан облысында бас жоспар бойынша жол картасын әзірлеу жұмыстары кенжелеп тұр. Өңірге қарасты 14 ауданда орындалу көрсеткіші төмен. Оның ішінде Шардара ауданы жұмысты тіптен бастамаған. Бұл туралы Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қуаныш Асанов мәлімдеді. Айтуынша, олар мәселені шешу үшін мердігерлерлермен тікелей жұмыс жүргізіп, мониторингтік талдау жасаған. Нәтижесінде өңірдегі 801 елді мекеннің 523-інің бас жоспары сапасыз екені анықталды. Бұл олқылықтар алдағы жылдары кезең-кезеңімен шешімін табады, -деді басқарма басшысы.
️