Қазгидромет көктемде су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады

17
03.02.2026 20:45

Биылғы көктемде Қазақстанның кемінде бес өңірінде су тасқыны қаупі күшеюі мүмкін. Қазгидромет жариялаған болжамға сүйенсек, қауіп жоғары өңірлердің қатарында Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай, Ақмола мен Қарағанды облыстары  бар. Бұл аймақтарда жердегі тоң, ылғалдың көп болуы және қардың мол түсуі су деңгейінің күрт көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Ал, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Павлодар, Ақтөбе, Түркістан, Алматы, Жетісу және Қостанай облыстарында қауіп деңгейі орташа. Мамандардың хабарлауынша, елдің жазық бөлігінде су тасқынының негізгі көзі – қар суы. Дәл осы еріген қар сулары көктемгі ағынның негізгі көлемін қалыптастырады. Көпжылдық бақылауларға сәйкес, мұндай өңірлерде тасқын наурыздың соңынан сәуірдің аяғына дейін жалғасады.