Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істеп жүріп жоғалып кеткен қазақ азаматы әлі табылмады

25
02.02.2026 18:43

Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істеп жүріп жоғалып кеткен қазақ азаматы әлі табылмады. Бұл мәселені Қазақстанның Сеулдегі елшілігі бақылап отыр. Сыртқы істер министрлігі осылай мәлімдеді. Еске салайық, 30 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Мэндон-мен қаласындағы сусын мен тағам шығаратын зауытта өрт болды. Кәсіпорыннан 81 адамды эвакуациялады, бірақ екі адам жоғалып кеткен. Олардың арасында Қазақстан азаматы бар. Келесі күні құтқарушылар мен полицейлер зауыттан өртеніп кеткен азаматтың денесін тапты. Қазір мәйіт зерттеуге жіберілді, жеке бас дерегін анықтау үшін ДНҚ-талдау жүргізіліп жатыр.