Созақ ауданында жаңа заманауи кітапхана ашылды

25
02.02.2026 18:42

Шолаққорған ауылында заман талабына сай жабдықталған, жаңа кітапхана ашылды. Аумағы 496 шаршы метр болатын ғимаратта 500 мыңға жуық кітап қоры бар. Мұнда жастардың еркін білім алуына, ізденуіне, шығармашылықпен айналысуына толық мүмкіндік қарастырылған. Ғимараттың төменгі қабатында кітап сақтауға арналған қоймалар орналасқан. Бірінші қабатта акт залы, оқу залдары бар. Сондай-ақ, түрлі мәдени іс-шаралар, кездесулер мен танымдық жобаларды өткізуге де болады.