Көлікті басып озбақ болған жүргізуші бір адамның өліміне себепкер болды

24
02.02.2026 18:41

Талдықорған – Текелі автожолында төрт автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда автокөліктердің бірінің басып озу кезінде өзге көлікке соғылғаны көрінеді. Соққы салдарынан қарсы бағытқа шығып кетіп, тағы екі автокөлікпен соқтығысқан. Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Алған жарақаттарының салдарынан Nissan көлігінің жүргізушісі көз жұмғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Ал Mercedes автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.